ШЖҚ "Облыстық балалар стоматологиялық емханасы" МКК

Қазақстан, Актобе (Актюбинск), Есет Батыр к-сі, 83
+7 (7132) 54 77 88
+7 (7132) 24 12 47
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

«Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. 

Сондықтан 2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды

«Ең алдымен, билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай балалардың мүдделерін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету біздің еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Биыл бұл мереке мемлекеттің болашақ ұрпақ үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізу жөніндегі саясатының жалғасы болып табылатын Балалар жылын өткізуге байланысты ерекше орын алады. Айта кету керек, 2022 жылдың 16 мамырынан 16 маусымына дейін Республика бойынша Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы өткізуде. 

Осыған орай, біздің денсаулық сақтау саласында  «Балаларға күлкі сыйла!» акциясы аясында балаларға тегін стоматологиялық тексеру жұмыстары ұйымдастырылып және   тісті   пломбалау шарасын өткізіп  жатырмыз. 02.06.2022 ж   Алға ауданының Үшқұдық ауыл мекеніне жылыжымалы Стом- Кар автокөлігімен барып балаларға стоматологиялық көмек көрсетілді.




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу