ШЖҚ "Облыстық балалар стоматологиялық емханасы" МКК

Қазақстан, Актобе (Актюбинск), Есет Батыр к-сі, 83
+7 (7132) 54 77 88
+7 (7132) 24 12 47

Емхана тарихы

ШЖҚ "Қалалық балалар стоматологиялық емханасы" МКК - 1978 жылдың 1 желтоқсанында ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық еңбекшілер депутаты Кеңесінің атқару комитетінің шешімімен (28 наурыз 1968 жылғы №8 хаттама) 1968 жылдың 1 сәуірінде облыстық аурухананың тіс протездеу бөлімшесінде дербес облыстық стоматологиялық емхана ұйымдастырылды.

Емхана Ленин көшесі 63 мекенжайындағы ескі тұрғын үйде орналасты және екі бөлімшесі болды: емдік және тіс протездеу.

Емханаға 29,5 бірлік, оның ішінде 13,0 дәрігерлік лауазым штаты бөлінді және бекітілді.

1976 жылға дейін Ақтөбеде бір облыстық стоматологиялық емхана мен үш стоматологиялық бөлімше істеді:

  1. Қалалық көпсалалы аурухана жанындағы ересек және бала тұрғындарға арналған стоматологиялық бөлімшелер.
  2. №1 медициналық-санитариялық бөлім жанындағы ересектерді қабылдау үшін стоматологиялық бөлімше.
  3. №2 ауруханадағы балалар стоматологиялық бөлімшесі.

1976 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің 30.12.1975 жылғы №88 бұйрығы негізінде Ақтөбе қаласының Пролетар ауданында №1 стоматологиялық емхана мен Фрунзе ауданында №2 стоматологиялық емхана ұйымдастырылды.

Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің 01.12.1978 жылғы №98 бұйрығының негізінде Пролетар ауданындағы №1 стоматологиялық емхана қалалық балалар стоматологиялық емханасы болып қайта құрылды.

Ақтөбе қалалық әкімшілігінің 19.01.1995 жылғы №2-19р өкімімен үш емхананы қосу арқылы "Стоматология" аумақтық-медициналық бірлестік ұйымдастырылды:

  1. Облыстық стоматологиялық емхана.
  2. Қалалық стоматологиялық емхана.
  3. Қалалық стоматологиялық емхана.

"Стоматология" аумақтық-медициналық бірлестігі 1997 жылға дейін жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 29.05.1997 жылғы №73-п.6 шешімінің негізінде облыстық және қалалық стоматологиялық емханалардың жекешелендірілуі нәтижесінде "Стоматология" аумақтық-медициналық бірлестігі 01.07.1997 жылы өз қызметін тоқтатты.

Қалалық балалар стоматологиялық емханасы оның құқық мирасқоры болды (облыстық денсаулық сақтау басқармасының 01.07.1997 ж. №89-п.8 бұйрығы).

Ақтөбе облысының әкімі қаулысының негізінде қалалық балалар стоматологиялық емханасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесі бар.

2011 жылы қалалық балалар стоматологиялық емханасы "Үздік емхана" номинациясында Ақтөбе облысы әкімінің "Шапағат" сыйақысымен марапатталды. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу