ШЖҚ "Облыстық балалар стоматологиялық емханасы" МКК

Қазақстан, Актобе (Актюбинск), Есет Батыр к-сі, 83
+7 (7132) 54 77 88
+7 (7132) 24 12 47

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі

Емхана 18 жасқа дейінгі жеткіншектерді қоса алғанда, мемлекеттік тапсырыс бойынша қаланың бүкіл бала тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) Қазақстан Республикасының бала тұрғындарына бюджеттік қаржылар есебінен ұсынылады және диагностикалық және емдік медициналық қызмет көрсетулер кіреді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі, жансыздандыру арқылы тістер экстрациясын, препарация жасауды және химиялық қатқыл композиттік материалдардан пломба салуды қоса алғанда, балаларға жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонттық және ортопедиялық көмектен басқа).

Емдеу, іс-қимылдар және емшаралар:

  • 18 жасқа дейінгі балаларға қатысты физиоемшаралар – көрсетілімдер бойынша;
  • әлеуметтік әлжуаз тұрғындар санатына шұғыл стоматологиялық көмек (өткір ауырсыну): жансыздандыру, препарация жасау және химиялық қатқыл композитті материалдардан пломба салу, жансыздандыру арқылы тістердің экстракциясы, периостотомия, іріңдерді ашу – көрсетілімдер бойынша;

Алдын-алу:

  • балаларды тістер мен ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету – алдын-алу мақсатында жылына 1 рет.
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу