Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
Құрметті пациенттер!
ШЖҚ "Қалалық балалар стоматологиялық емханасы" МКК-да Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметі құрылып,
жұмыс істейтіндігін мәлімдейді.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметінің
мақсаты:
– проблемалық сұрақтарыңызды
айқындау;
– пациенттердің
шағымдарының шұғыл шешімін тауып "осы жерде және қазір" принципі бойынша жұмыс
істеу;
– және көрсетіліп жатқан медицина
қызметінің сапасын әрдайым талдау жұмыстары арқылы жақсарту;
Келесі жағдайларда, егер де Сіз:
• көрсетілген медицина көмегінің сапасына
қанағаттанбаған жағдайда;
• медицина қызметкерлерінің Сізге деген
көзқарасы өрескел жағдайға тап болған кезде;
• медицина қызметкерлері кепілді медицина
көмегінің шеңберінде көрсетілетін ақысыз медициналық көмекке ақша сұраған
жағдайда;
• сонымен қатар медициналық қызмет көрсету
тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық сұрақтарыңыз туындаған
жағдайда Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметіне жүгінуіңізге
болады.
Сізге ыңғайлы болу үшін, жазбаша түрде жеке өтініштеріңізді (аты-жөніңізді,
байланыс мәліметтерін телефон, мекен-жайы) көрсете
отырып тіркеу орнының жанында ілінген Үндеу жәшіктеріне, сондай-ақ сіз өз үндеуіңізді емхана сайтында
gdsp.aktobe @mail.ru қалдыруыңызға болады.
Барлық туындаған сұрақтарыңыз бойынша облыстық Call–центр 90 70
70 телефоны бойынша хабарласа аласыз.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметі
жуық арада және 5 күнтізбелік күн
мерзімінен кешіктірмей, жүгінген сұрақ бойынша қорытынды
мәліметтерін Сізге ұсынады.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметіне сұрақтарыңыз
бойынша +7 (7132) 54 05 25, +7 (7132) 71 28 17 телефондары бойынша хабарласуға болады.
Біздің емхананың медициналық көмек көрсету қызметі
сапасын жақсартуына Сізден түскен үндеуіңізге, түсініктемеңіз бен
тілек-ұсыныстарыңызға алғысымызды білдіреміз.
Ізгі ниетпен,
Пациенттерді қолдау қызметі