
Біз туралы
Ақтөбе қаласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық балалар стоматологиялық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны — Ақтөбе қаласының бала тұрғындарына жоспарлы және шұғыл мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету үшін құрылған заманауи емдік және алдын-алу ұйымы.
Емхана сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін екі ауысымда жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін кезекші дәрігерлер көмек көрсетеді.
Емханада 3 бөлімше істейді: емханалық, алдын-алу және ақылы.
Емхана келесі қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықпен жарақталған: әмбебап стоматологиялық қондырғылар, "Планмега ProOne" панорамалық рентген қондырғы, "XmindAS" дентальді аппарат, тіс-жақсүйек жүйесін емдеуге арналған физиотерапиялық аппараттар.
Емханада келесі бағыттар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі:
- хирургиялық стоматологиялық
- терапиялық стоматология
- ортодонтия и ортопедиялық стоматология
Алдын-алу бөлімшесі – № 23,26,27,31,40,45,51,55, Жаңақоныс орта мектептерде, Заречный елді мекені стоматологиялық көмек көрсетіледі. Барлық мектептер заманауи әмбебап стоматологиялық қондырғылармен жабдықталған.